WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) америкалық Вилли Монро-кішімен (19-1, 6 KO) жекпе-жектен 30 күн бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин 76,7 келі салмақ көрсетті. WBC ережесі бойынша екі боксшы да 79,8 келіге дейін салмақ қоса алады.
Еске сала кетейік, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 17 мамыр күні таңғы сағат 08.00-де басталады. Осыған дейін букмекерлік кеңселер кездесуге болжам жасаған болатын. "Олимп" букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекте Головкиннің фаворит болатынына сеніп отыр. Қазақстандықтың жеңу коэффициенті 1.02, Монро-кішінің жеңу коэффициенті 20-ға тең.
Айта кетейік, алдағы жекпе-жек қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуі. Головкин жеңген жағдайда аргентиналық Карлос Роке Монсонның өз категориясында чемпиондық титулын сақтау рекордын қайталайды.