Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да сөз қозғады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Назарбаев 17 сәуірде жұмыс сапарымен Алматыға келді. Сапар барысында ол Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығын, "Алатау" киноконцерт залын аралады. Сонымен қатар, экологиялық таза көлік түрлерімен, Алматы қаласы мен индустриялдық саябақтың даму жоспарымен танысты. Сапар соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алатау ауданы тұрғындарымен әңгімелесті.