Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша БАҚ өкілдері үшін өткізілген брифингте басты мақсаттардың бірі қаланың экологиялыұ жағдайын жақсарту екенін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы мақсатпен қоғамдық көлік газға көшірілуде. Бүгін екі жаңа метро станциясы ашылды, бұл да экологияның жақсаруына өз үлесін қосады. Жалпы, келешекте жаңа трамвайларды, электромобильдерді іске қосу, сондай-ақ қаланың орталығын жаяу жүргіншілерге лайықтау жоспарланып отыр", - деді Қазақстан Президенті.
Ол сонымен қатар, Алматыны дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанына назар аударды. "Барлық қазақстандықтар, соның ішінде мен де бармын, Алматыны жақсы көреміз. Тәуелсіздік жылдары қала бұрынғыдан да көркейе түсті. Мұнда өмір сүру, сапалы білім алу және емделу, еңбек ету үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Универсиада-2017 үшін салынып жатқан барлық нысандар кейін халықтың игілігіне пайдаланылатын болады. Алматы – тұрғындары тату тұратын полиэтникалық қала, бұл берекелі тіршіліктің негізі болып саналады", - деді Мемлекет басшысы.