Мемлекет басшысы 20 мыңнан астам адам келген "Алматы көктемі" фестиваліне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 20 мыңнан астам адам келген "Алматы көктемі" фестиваліне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қала жұртшылығы мен жастарға арнаған сөзінде көктем мезгілінің Алматыны айрықша көрікті ете түсетінін атап өтті. "Алматы - мәңгілік көктем қаласы, Орталық Азияның інжу-маржаны. Алматыда тұрған немесе оған келіп кеткен адам ғажап таулары мен тамаша климатын ешқашан ұмытпайды. Бұл мегаполис Қазақстан тәуелсіздігінің алтын бесігі - республикамыздың жаңа тарихы басталған жер. Қала еліміздің мәдениет, қаржы және спорт орталығы болып саналады. Ел экономикасының 20 пайызы Алматыға тиесілі. Мен мұнда келген сайын оң өзгерістерді көремін. Қаланың дамуы әрдайым менің жеке назарымда және мемлекеттің басымдығы болып саналады", - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Алматының тартымды перспективаларына да тоқталды. Мұнда 2017 жылы Дүниежүзілік универсиада өтеді, қаланы туризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы мен экологиялық ахуалы жақсарып жатыр.
Іс-шарада сөз алған қала жұртшылығының өкілдері Мемлекет басшысына елдегі мәдениетті, ғылым мен білімді дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс айтты.