Тараз қаласында әскерилер бір отбасын өрттен құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі Дархан Мұқановқа сілтеме жасап.

Оқиға 17 сәуір күні болған. Қаладағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөліміне қарасты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызмет атқаратын әскери жасақ өз қызметін атқару бағыттарымен келе жатып, Жамбыл даңғылы бойындағы 18/3-үйдің ауласында көмекке шақырған 6-7 жасар балаларды көріп қалады. Айқай шыққан жерге келгенде әскери жасақ екінші қабатта орналасқан бір пәтердің отқа оранғанын байқады. Әскери жасақ бастығы Нариман Ақышев байланыс құралы арқылы кезекші бөлімге шығып, жедел жәрдем мен өрт сөндіру тобын шақырады.
"Өрт сөндірушілердің келгенін күтпей, әскери қызметшілер өрт шыққан пәтерге кіріп барды. Жауынгерлер пәтерден 6 жасар баланы анасымен және бір қарт кісіні сыртқа алып шығып, өртті өшіруге кіріскен. Әскери қызметшілердің дереу әрекетенің арқасында оттың басқа пәтерлерге жайылуына жол берілмеді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Әскери бөлім қолбасшылығы батыл әрекеті үшін бөлім жауынгерлері ефрейтор Нариман Ақышевті, қатардағы жауынгерлер Сайлау Жүкен мен Абзал Өтепбергеновті жоғары қолбасшылық алдында марапаттауға ұсынды.