Солтүстік Қазақстанда 75 жастағы әжей жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған байланысты СҚО полицейлері зейнеткерге іздеу жариялады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, із-түссіз жоғалған әжейдің аты-жөні - Жұмабаева Шарипа Махмұтқызы, 1939 жылы туылған. Ол Петропавл қаласындағы Интернациональная көшесінде тұрыпты. Зейнеткер 18 сәуірде үйінен шығып кетіп қайта оралмаған, қазірге дейін оның қайда жүргені белгісіз.
Зейнеткердің туыстарының айтуынша, ол кейде есін жоғалтып алады. Оның белгілері: бойы шамамен 160 сантиметр, орташа денелі, шашының түсі - бурыл тартқан, қарақоңыр. Үстіне кигені: қою қызыл түсті замогы бар спорттық күрте, көк түсті халат, қара түсті шалбар мен тұтас табанды қара түсті етік.
"Жоғалып кеткен зейнеткері көрген-білгендер болса полицейлер мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-747-224-14-86, 8-707-297-47-12, 8-715-2-39-48-07, 102. Жыл басынан бері СҚО-да 43 адам іс-түссіз жоғалып, іздеу жарияланды, солардың 39-ының қайда екені анықталды", - делінген хабарламада.