20 сәуір 2015 | 14:32

Қазақстан 26 елге визасыз режим орнатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Aviasovet.ru @Aviasovet.ru

Қазақстан 26 елге визасыз режим орнатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваға сілтеме жасап.


Қазақстан 26 елге визасыз режим орнатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваға сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта бұл мәселе өз шешімін тауып жатыр. ҚР Сыртқы Істер министрлігі, Ішкі Істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірге визасыз режим жобасын жасадық. Бұл осыған дейінгі он елге визасыз кіруге болатын жобаның жалғасы, осы сан енді 26-ға жетеді. Біз бұның EXPO-да көмегі тиеді деп есептейміз", - деді Құрбанбаева СЦК брифингінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

"Біз шетелдіктердің елімізге визасыз кіре алатынын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық акті жазға дейін дайын болады деп үміттенеміз", - деді Құрбанбаева. Бірақ ол жобаның нақты қай елдерге қатысты екенін айтпады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусымында өткен Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші отырысында Мемлекет басшысы АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Малайзия, БАӘ, Корея мен Жапония елдерінің азаматтары үшін біржақты визасыз режим орнатылатынын айтқан.

Көрсетілген мерзімде аталған елдердің азаматтары елшілік, қызметтік және ұлттық куәлікпен Қазақстан аумағына 15 күн көлемінде кіріп, шыға алады. Визасыз режим тәжірибеден бір жыл өтуі керек, дегенмен кейін оны 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін созғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети