Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ел азаматтары үшін бүкіл әлемге есік ашық екенін, бірақ Қазақстан баршаның қайта оралуға тырысатын орны болып қалып отырғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бүгін, 20 сәуірде Мемлекет басшысы Алматы облысындағы туған жері Қаскелең ауданына барып, "Ауылым – алтын бесiгiм" форумына қатысты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Елбасының Алматы облысына жұмыс сапары аясында өткен іс-шараға Қарасай ауданының 5 мыңнан аса тұрғыны қатысты.
"Қазақстандықтардың еңбегінің арқасында біздің республикамыз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға жетті, Тәуелсіздігін нығайтып, танымал әрі беделді елге айналды. Бүгінде біздің ынтымағымыздан өзге мемлекеттер үйреніп жатыр. Мен үшін бүкіл Қазақстан алтын бесік саналады, баршамызға да солай болуға тиіс. Адам өзінің балалық шағы өткен жерді ешқашан ұмытпайды, Үшқоңыр - мен үшін осындай жер. Жетісудың саф ауасы мен салқын самалын табу мүмкін емес. Ғажайып табиғат, сүйікті тауларымыз жылдар өтсе де, бұрынғыдай керемет, - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ғылым мен өнердегі және басқа салалардағы көптеген көрнекті тұлғалардың ауылдан шыққанына назар аударды.
"Ауыл - халық руханиятының діңгегі, мәдениетінің мәйегі, елдігінің бастауы, дәстүрінің қайнар көзі. Қарасай жері ежелден көпэтникалық мәдениетімен белгілі, мұнда түрлі халықтар мен этностардың өкілдері өмір сүрді. Олар бізге әкелеріміз арқылы берілген бірліктің, татулық пен келісімнің рухын сақтады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауылға деген қамқорлық өткеннің табысына сүйенетін елдің болашағына деген қамқорлықты білдіретінін айтты.