Ақтөбе облысы Қаржы департаментінің басшысына мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындардың басшыларынан пара алудың қылмыстық схемасын жасады деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы қаржы департамнтінің басшысы, орынбасары мен қызметкерлері жасаған мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындардың басшыларынан пара алудың қылмыстық схемасын қолға түсірді. Бұл топ көп уақыт бойы қаржылық талаптарды бұзғандарға акт жасамас үшін пара алып келген ", - делінген баспасөз хабарламасында.
Департамент басшысы мен оның орынбасарын тергеу барысында пара берушілер өз істерін мойындап куәлік етті. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жеңілдетілген тәртіппен жүріп жатыр.
Облыстық департамент басшысына "кепілдік қою" шарасы қолданылды.