20 сәуір 2015 | 16:02

Астанада 88 жер телімі аукционға қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 88 жер телімі аукционға қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық кеңес барысында мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес барысында әкім шағын және орта бизнесті дамыту үшін жер телімдерін ұсынуды ұйымдастыру және процедураның тазалығы мәселесіне тоқталып өтті.

"Біз аукционға қойылатын алғашқы 88 жер телімін анықтап қойдық. Олардың сипаттамасы, тұрған орны және сатылымға қатысу ережелерімен қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында танысуға болады. Қала тұрғындарына бұл ақпартатты барынша түсінікті етіп жеткізу керек. Сонымен қатар, әр түрлі спекуляцияға жол бермеу керек", - деді әкім.

Осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында жер телімдері ұзақ уақытқа жалға берілетін болады, ал, егер олар игерілмейтін болса, мемлекет оны қайтарып алып, қайта аукционға қоюға құқылы. Сатылымдар әр апта сайын өткізілмек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети