Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау шарасын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Қарағанды облысында 6 сәуірден бастап су алып жатыр.
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау шарасын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Қарағанды облысында 6 сәуірден бастап су алып жатыр.
Қайырымдылық акциясы 18 сәуірде, мектепте Наурыз мейрамы тойланып жатқан кезде ұйымдастырылды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған қойылымнан кейін оқушылардың ата-аналары мен қонақтар мектептің артқы ауласына барды, онда киіз үй қалашығы тігілді. Келушілер мерекелік дәстүрлі тағамнан ауыз тиді. Киіз үйлерге таяу жерде Қарағанды облысында селден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылды.
"Бүгін Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде біз жарқын мейрам Наурызды тойлап жатырмыз. Біз бұл шараны оқушылардың ата-анасы мен мектеп қонақтарына арнадық. Сонымен қатар, осы күні Қарағанды облысында су басудан зардап шеккендерге көмек көрсету акциясын ұйымдастырдық. Балаларды тек академиялық білімге ғана емес, сонымен қатар адами құндылықтарды үйретеміз. Біздің балалар көмекке мұқтаж жандарға әрқашан көмектеседі", - деді Назарбаев зияткерлік мектебінің тілдер жөніндері координаторы Айгерім Шаханова.
Айта кетейік, оқушылар мен олардың ата-аналары белсенді түрде ақша, киім және азық-түлік өткізді. "Біз Қарағанды облысында болып жатқан жағдайдан хабардармыз. Су тасқынынан 5 мың адамның зардап шеккенін білеміз. Біз бұл жағдайға енжар қарай алмаймыз. Осы себептен, біздің оқушылардың бірінің ата-анасының бастамасымен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге қаражат жинауды шештік", - деді мектеп оқушысы Рамажан Әбжәміл.
Осыған дейін Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауға есепшот ашылғаны хабарланған болатын. Облыс билігі азаматтарды зардап шеккендерге көмек қолын созуға шақырып жатыр және қаржы аударымдарын жасауға болатын реквизиттерді ұсынды.
"Bank RBK" АҚ Қарағанды қаласы
БИК KINCKZKA
ИИК KZ098210139812154223
КБе 18