20 сәуір 2015 | 19:27

Испанияда оқушы өз мұғалімін атып өлтіргеннен кейін тағы төрт адамды жарақаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияда 13 жастағы оқушы арбалетпен өз мұғалімін атып өлтіріп, тағы төрт адамды жарақаттады, - деп хабарлайды NEWSru.com


Испанияда 13 жастағы оқушы арбалетпен өз мұғалімін атып өлтіріп, тағы төрт адамды жарақаттады, - деп хабарлайды NEWSru.com

Жасөспірім ұсталды. Ол Барселонаның аудандарының бірінде тұрады. Есімі - Жуан Фусте. Полицейлердің айтуынша, қылмыскер атысты 20 сәуір күні таңертең сабақ басталған соң ұйымдастырған. Айта кетейік, қаза болған мұғалім қоғамдық пәннен сабақ берген. Испан басылымының хабарлауынша, шабуыл кезінде жасөспірімде арбалет қана емес, қанжар да болды. Тағы бір ересек адам мен үш бала жарақат алды.

Қылмыскер сабақ өтіп жатқан мұғалімге көмекке келген басқа оқытушыға шабуылдап, атып тастаған. Оның жолдастарының айтуынша, жасөспірімнің мектепте ешқандай проблемасы болмаған, бірақ соңғы кезде ол әскери қаруларға қызығып, үйінде сақтап жүрген. Қылмыскердің сыныптастарының бірі оның мектептегі бар мұғалімдерді өлтіріп тастағысы келетінін айтқанын, қара тізім жасап та қойғанын айтты.

Айта кетейік, арбалет Испанияда суық қару болып есептеледі, оны сақтау үшін бес жыл мерзімге берілетін лицензия керек. Сонымен қатар, қаруды куәлікпен ғана сатып алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети