20 сәуір 2015 | 19:21

Хоккейден Қазақстан құрамасы Венгрияны ойсырата жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының екінші матчында Венгрия командасын ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының екінші матчында Венгрия командасын ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан турнирдегі кездесу 5:0 есебімен Андрей Назаровтың командасының пайдасына шешілді. Бұл ойында Қазақстан құрамасының қақпасын "Барыс" қақпашысы Павел Полуэктов қорғады. Ол әлем чемпионатында бірінші болып матчта шайба кіргізбеді. 

Ойынның екінші минутында Қазақстан құрамасының капитаны Константин Руденко есеп ашты. Команда тағы үш шайбаны екінші кезеңде соқты, Алексей Воронцов, Кевин Даллмэн және Вадим Краснослободцевтер көзге түсті. Үшінші кезеңде қазақстандықтар есеп айырмасын ұзарта білді, Константин Пушкарев гол соқты. Матч статистикасымен мына жерде таныса аласыз.

Осылайша Қазақстан құрамасы екі ойын нәтижесінде алты ұпай жинап, А тобында бірінші орында тұр. Таяуда өткен кездесуде Андрей Назаровтың шәкірттері осы құраммен Украина командасын 5:2 есебімен жеңген болатын. Чемпионаттың келесі кездесуін қазақстандықтар 22 сәуірде Астана уақыты бойынша 17:00-де Жапонияға қарсы өткізеді. Еске салайық, топта бірінші және екінші орын алған құрамалар жарысты жалғастырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети