Жерорта теңізіндегі кеме апатынан 800 адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP ресурсы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасына сілтеме жасап.
Жерорта теңізіндегі кеме апатынан 800 адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP ресурсы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасына сілтеме жасап.
"Біз 800 адамның қаза тапқанын айта аламыз", - деп мәлімдеді UNHCR басқармасының Италиядағы өкілі Карлотта Сами.
Қайғылы оқиға 19 сәуірге қараған түні Ливия жағалауында болды. Болжам бойынша, мигранттар Италияның Лампедуза аралына кетіп бара жатқан, соңғы жылдарда осы мекенге Солтүстік Афринканың көптеген тұрғыны көшті. Болжамдардың біріне қарағанда, жолаушылар қатарласа жүзіп бара жатқан кеменің назарын аудару үшін кеменің бір жағына қарай жүгіре бастағанда суға құлап кеткен.
15 сәуірде апат салдарынан Ливиядан Италияға бағыт алған 400 адам қаза тапты. Соңғы жылдары Еуроодақ үшін көші-қон мәселесі ушығып тұр.