21 сәуір 2015 | 11:05

Теміртауда автокөлік жарылғаннан кейін екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©U-f.ru ©U-f.ru

Теміртауда автокөлік жарылып, екі адам қатты зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Теміртау қаласы ауруханасының емдеу ісі бөлімінің басшысының орынбасары Бәтима Ахановаға сілтеме жасап.

Бәтима Аханованың айтуынша, олардың жағдайы өте ауыр. 1988 жылғы азаматтың беті, қолдары мен кеудесінің 90 пайызын күйік шалған. Ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

Теміртау қаласы ТЖ басқармасының баспасөз хатшысы Марина Балмурзинаның айтуынша, оның інісі де жарақат алған. "1990 жылғы жас жігіттің денесінің 30 пайызы күйген. Жарақат деңгейі екінші және үшінші дәрежелі. Оның екі қолы мен беті де жарақаттанған", - деді Марина Балмурзина. Айта кетейік, зардап шеккен азаматтар автошебер болып жұмыс жасаған. Олар көлікті жөндеп болып, бензобакты дәнекерлеу жұмысмен айналысқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети