Алматыда көлігінің үстіне қызын шығарып алған жүргізушіге 10 мың теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлігінің үстіне қызын шығарып алған жүргізушіге 10 мың теңге айыппұл салынды YouTube кадры

Алматыда көлігінің үстіне қызын шығарып алған жүргізушіге 10 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Жігіт Subaru автомобилінің үстіне қызды мінгізіп алғаны көрінген видео Интернетке жүктелді.

"Subaru автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің "Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5 АЕК (шамамен 10 000 теңге - Авт.) көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Әзірбек. Айта кетейік, көлік үстіне шығып алған қызға жаза берілмеді.

Еске салайық, желіде жастардың автомобиль үстіне шығып алғаны бейнеленген видеоның жарияланғаны хабарланған болатын. Видеоның сипаттамасында автор "Өткен сенбі күні Абылайхан даңғылында түсірілген видеодан автокөлігі бар кейбір жүргізушілердің өз автоларының артына не үшін "спойлер" орнатып алатыны белгілі" деп жазған.

Бұдан кейін Алматы полицейлерінің көлік үстіне қызды шығарып алып жүрген Subaru көлігінің жүргізушісіне айыппұл салатыны хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети