Қырғызстанға Қазақстаннан ұзындығы 1,5 шақырым, диаметрі 5 сантиметр болатын шлангпен дизель отыны заңсыз тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Республикасы мемлекеттік шекара қызметі (МШҚ) қоғаммен және БАҚ өкілдерімен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Шланг Шу облысы МШҚ басқармасы "Токмок" әсери бөлімнің аумағынан табылды. Шу жағалауымен жерге көміліп тасталған шланг өзен бойымен Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан өткен. Осы канал арқылы белгісіздер Қырғызстанда қымбаттап жатқан дизель отынын тартқан. Шекара қызметкерлері болған жағдай туралы Қырғызстан құқық қорғау органдарына хабарлады. Қазір контрабандалық каналдың ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда да дизель отынына дефицит қаупі төніп тұр. Бірақ өндірушілер бұл ақпаратты жоққа шығарды. "ҚазМұнайГаз"АҚ ақпаратында 2015 жылдың наурызындағы мәліметке сай мұнай базасында бензин мен дизель отынының екі айлық қоры бар делінген. Жуық арада 2015 жылдың 20 сәуірінен бастап 20 мамырға дейін дизель отынын Ресейден Қазақстанға темір жол көлігімен әкелуге тиым салынғаны белгілі болды.