Павлодарда өз баласын аяусыз ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, әйел әуелі баласының бетінен бірнеше соққы жасап, қолының айналасын балтамен ұрған.

Баласына мұндай ауыр жаза қолдануға он мың теңге ақша себеп болыпты. Оның баласын ұрлық жасады деп көршісі шағымданған. "Сол күні алкогольдік ішімдік ішіп алған әйел ұйықтап жатқан баласын оятып, оған тәрбие бермекші болады. Сонымен қатар, ол баланы ұрған. Содан кейін әйел ас үйге барып, пышақ алып баласының қолынан ұра бастаған. Кейін ол жуынатын бөлмеге келіп, ет турауға арналған балтамен баласының қолын ұрып, психикалық қысым түсірген", - делінген баспасөз хабарламасында.
Павлодарлық әйелге қатысты "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс Павлодар қалалық № 2 сотына жолданды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысының тұрғыны баласын аяусыз ұрғаны үшін жазаға тартылған болатын. Жітіқара қаласының тұрғыны баланы соққыға жыққаны үшін 92 600 теңге айыппұл төледі. Әйелдің өзі баланы ұрғанын, осылайша өзінің ұлын қорғамақ болғанын мойындады.