Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына және орыстың ұлы композиторы Петр Ильяұлы Чайковскийдің туғанына 175 жыл толуына орай өтетін гала концертте Валерий Гергиев пен Денис Мацуев 24 сәуірде "Астана Опера сахнасында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына және орыстың ұлы композиторы Петр Ильяұлы Чайковскийдің туғанына 175 жыл толуына орай өтетін гала концертте Валерий Гергиев пен Денис Мацуев 24 сәуірде "Астана Опера сахнасында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Чайковскийдің оркестрмен фортепианоға арналған № 1 концерті кештің көркіне айналады, фортепиано партиясын Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев орындайды. Концерт Төртінші Мәскеулік Пасха фестивалінің шеңберінде өтеді.
Сонымен қатар, концерт аясында Классикалық музыканың және Денис Мацуевтің қатысуымен жас пианиношылардың III Astana Piano Passion халықаралық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Тыңдарман назарына бұған дейінгі конкурстың лауреаттары - I сыйлық иегері (үлкендер тобы, 2014) - Александр-Кадмиель Боцактың (Румыния), сондай-ақ I сыйлық иегері (кішілер тобы, 2014) - Санжарәли Көппаевтың (Қазақстан) өнері ұсынылады. Жас пианинашылардың "Astana Piano Passion халықаралық конкурсы соңғы үш жыл бойы өткізіліп келе жатқанын айта кетейік. Осы уақыт ішінде ұйымдастыру комитетіне алыс және жақын 45 шет елден 400 жуық өтінім түскен. Жыл өткен сайын аталған конкурсқа қатысқысы келетіндер саны көбейіп келеді.
"Астана Опера" театрының директоры Төлеубек Әлпиев жоғарыда аталған әйгілі қонақтардың келуі - тек "Астана Опера" театры үшін ғана емес, сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін де үлкен мереке екенін атап өтті. "Мұндай гала концерттер орасан зор мәдени-тәрбиелік міндетті атқарады, - дейді Денис Мацуевтің дарынды жас пианинашыларды жарыққа шығару мақсатында жұмыс жүргізіп жатқанын меңзеген Төлеубек Әлпиев. Мәскеулік Пасха фестивалі жайлы сөз қозғаған кезде театр директоры, өзінің ауқымдылығымен таңғалдыратын бұл шараның музыкалық мәдениет тарихында сирек кездесетін жағдай екенін басып айтты. Төлеубек Нығметұлы Мариинский театрының Симфониялық оркестрінің музыканттарына және маэстро Валерий Абисалұлы Гергиевке қажымас қайрат және мықты денсаулық тіледі.
Айта кетейік, Валерий Гергиев пен оның оркестрі Барнауылдан арнайы пойызбен келеді және келесі күні - 25 сәуірде - Магнитогорскте өнер көрсетеді. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп отыратын Пасха фестивалі Мариинский театрының бас дирижері Валерий Гергиевтің бастамасымен құрылған болатын.