Нью-Йоркте Sotheby's аукционында 100 карат болатын ақ гаухар тас 22,1 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Нью-Йоркте Sotheby's аукционында 100 карат болатын ақ гаухар тас 22,1 миллион долларға сатылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Көлемі грек жаңғағындай болатын гаухар тасты Оңтүстік Африкадағы De Beers компаниясы жасады. "Ақ түсті мөлдір тасты тек сумен ғана салыстыруға болады", - деді Sotheby's аукционының әшекей бұйымдар бөлімі басшысы Гэри Шулер.
Басылымның хабарлауынша, анонимді сатып алушы гаухар тасты телефон арқылы алған. Топатаманың бастапқы сомасы 19 миллион доллардан басталды.
Айта кетейік, бұл соңғы 25 жылда сатылып отырған салмағы 100 караттан асатын алтыншы тас.
Еске сала кетейік, осыған дейін Нью-Йорктағы Sotheby’s аукционы 100 карат ақ гаухар тасын сатылымға қойылғаны хабарланған болатын.