Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен өтетін алдағы ХХІІ сессиясына дайындық барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі сондай-ақ этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерілету жөніндегі жұмыстар мен өңірлердегі достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы айтты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, осы жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясы өтеді, күн тәртібіндегі тақырып - Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр".
Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысады. Олардың қатарында ассамблеяның барлық өңіріндегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым мен БАҚ өкілдері бар.