Италия режиссері Джанкарло Дель Монако "Астана Опера" сахнасында "Абай" операсын қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қойылым 2015 жылдың қыркүйегінде көпшілік назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр.
Италия режиссері Джанкарло Дель Монако "Астана Опера" сахнасында "Абай" операсын қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қойылым 2015 жылдың қыркүйегінде көпшілік назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, тәжірибесі мол режиссердің жұмыстары осыған дейін Германия, Франция мен Ресейде жоғары бағаланды.
Баспасөз хабарламасында Монаконың қазақ тарихымен танысып шыққаны айтылған. "Негізгі мақсат - сан қырлы тұлғаның асқақ рухани байлығын жеткізу. Сонымен қатар, мен оны мықты саяси кейіпкер ретінде көрсетемін. Ол тұтас бір мемлекеттің өкілі, олай болса, ол - саясаткер, дәлірек айтсақ, мәдени саясатпен айналысты", - деді Джанкарло Дель Монако.
Қойылымның сценографиясын танымал италиялық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франк Скуарчапино қазақстандық мамандармен бірге әзірлейді. Режиссер келіссөздердің ұзақ жүргізілгенін және операны қазіргі заманға сай етіп көрсетуге тырысатынын атап өтті.
Сахналаушының айтуынша, операда сахнаның барлық техникалық мүмкіндігі, сонымен қатар 3D әсеріндегі заманауи әдістер қолданылады. Мұндай көрініс елордалық театрлардың басқа қойылымдарында болмаған.
Маэстро "Астана Опера" театрына жоғары баға беріп, өнер ордасын әлемнің атақты сахналарымен қатар қойды. "Бұл қойылым әлемдік сахналарда қоюға лайықты болады деп үміттенемін", - деді режиссер.
Джанкарло Дель Монако әйгілі тенор Марио Дель Монаконың ұлы. Осы жылдың жылдың сәуір айында оны Франция президенті Франсуа Олланда өнер саласындағы еңбегі үшін берілетін ең жоғарғы марапат - "Құрметті легион орденімен" марапаттады.
Айта кетйік, "Абай" операсының дирижері белгілі компазитор Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев болады.