22 сәуір 2015 | 16:05

Таразда 22 жастағы жігіт аурухана мен базарды "жарып жібермек" болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Zebratv.ru ©Zebratv.ru

Жамбыл облысы криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы екі жерде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат таратты деген күдікпен 1993 жылы туылған азамат ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылдың 21 сәуірінде кешкі уақытта Тараз қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының "102" тетігіне 30 минуттың ішінде Облыстық жүйке аурулары ауруханасында және "Ауыл-Береке" базарында жарылғыш зат орналастырылған деген екі жалған хабар келіп түсті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Келіп түскен қоңыраулар бойынша Жамбыл облысындағы барлық қарулы күштер шұғыл түрде жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген аумақтарды полиция қызметкерлерімен қарау барысында жарылғыш заттар табылмады. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның "Террорлық акт жайлы жалған ақпар тарату туралы" 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары осындай қылмыстар үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілігі қарастырылғанын ескертіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети