Дубайда 49 жастағы қазақстандыққа тәртіп сақшыларына шабуыл жасады және зорлағысы келді деген айып тағылды, - деп хабарлайды 7 Days Dubai. Ақпарат құралының мәліметінше, оқиға айыпталушының жол сұрағысы келген әрекетінен кейін болды. Оқиға 2014 жылдың 4 желтоқсанында болған.
Дубайда 49 жастағы қазақстандыққа тәртіп сақшыларына шабуыл жасады және зорлағысы келді деген айып тағылды, - деп хабарлайды 7 Days Dubai. Ақпарат құралының мәліметінше, оқиға айыпталушының жол сұрағысы келген әрекетінен кейін болды. Оқиға 2014 жылдың 4 желтоқсанында болған.
Ер адам өз кезегінде ешқандай да шабуылдың болмағанын айтып отыр. "Мен саяхаттаушымын. Мен Dubai Mall сауда орталығына баруды жоспарлардым. Метро станциясының маңында мен полиция қызметкерін көріп қалдым. Ол басқа адамдармен сөйлесіп тұрды. Мен оның иығынан түрттім, бұдан кейін ол маған қарады да айғайлай бастады", - деді ол сот отырысында. 21 жастағы құқыққорғаушы қыз өз кезегінде ер адамның бірнеше рет ұстағанын мәлімдеді. "Мен басқа адамдармен сөйлесіп тұрдым, сол кезде менің қолымнан ұстады. Ол менен Dubai Mall орталығына қалай баруға болатынын сұрады және мен қайда баруы керек екенін айттым. Содан кейін мен одан не үшін қолымен түрткенін сұрадым, ол өз тілінде жауап берді", - деді әйел. Бұдан кейін, оның айтуынша, ер адам оның қолын тағы да ұстап алған, сол кезде ашу туғызған. Әйелдің айтуынша, бөлімшеге жүруін талап еткенде ер адам қарсылық көрсеткен.
Оған әріптестері көмекке келіп, ер адамды ұстағысы келді. Ер адам болса оларды итерді делінеді. Сонымен қатар, әйел ер адамның тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған кезінде оны тағы да түрткісі келген. Оның сөзін әріптестерінің бірі растады. Мұнымен бірге, сотта ер адамның құқыққорғаушымен сөйлесіп тұрып, оның қолынан ұстағаны бейнеленген видеоның бар екендігі мәлім болды. Тәртіп сақшысына шабуыл жасағаны үшін және тиіскені үшін қазақстандық жарты жылға бас бостандығынан айырылуы, одан кейін отанына депортациялануы мүмкін. Қазақстан азаматы қылмысты жасамағанын айтып отыр. Соттың үкімі 2015 жылдың 17 мамырында шығады.