23 сәуір 2015 | 10:03

Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердымұхамедов Қазақстанға іс-сапармен келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүрбангулы Бердымұхамедов. ©ca-news.org Гүрбангулы Бердымұхамедов. ©ca-news.org

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Алдағы президенттік сайлауға тоқталған Гүрбангулы Бердымұхамедов бұл оқиға Қазақстанның бұдан әрі тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға 2014 жылғы желтоқсандағы сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мемлекет басшылары сапар қорытындысын жоғары бағалады және сауда-экономика әлеуеті мен "Қазақстан - Түрікменстан - Иран" теміржол магистралін тиімді пайдалану қажеттігін тағы бір рет атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Гүрбангулы Бердымұхамедов Түрікменстан Президентінің Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мәселелері жөнінде де сөз қозғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети