Алматы маңында жүкті әйелдің қатысуымен болған жол апатын жасаған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облысы ІІД баспасөз хатшысы Дарын Арыстанбеков хабарлады. Еске салайық, адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы 9 наурызда Алматы-Бішкек автожолында болды.

Құқыққорғаушылар 1970 жылғы ер адамды ұстады. "Жол-көлік оқиғасының куәгерлері автомобиль тізгінінде осы азаматтың болғанын растады. Біз оны уақытша ұстау изоляторына қамадық. Бірақ екі тәулік өткеннен кейін аудандық прокурор ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Қазіргі уақытта ұсталған азамат өз үйінде, бірақ барлық тергеу шараларына қатысып жүр", - деді Арыстанбеков.
Оның мәліметінше, осы жол апатының аясында бірқатар сараптама белгіленген. Сонымен қатар, оның айтуынша, тергеу кезінде полицияға басқа ер адам келген. Ер адам автокөлік тізгінінде өзінің болғанын мәлімдеді. "Ер адам өз кінәсін мойындап келді. Біз оның жауабын тексеріп жатырмыз, оның таныстары мен туыстарынан жауап алдық. Бірақ оның сөзіне дәлел табылмады, тергеу жалғасып жатыр", - деді баспасөз хатшысы.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда жол-көлік оқиғасынан жүкті әйелдің қаза тапқаны хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасынан Nissan Cefiro автокөлігінің жолаушысы - жүкті әйел қаза тапты. Ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін басқарған адам оқиға орнынан қашып кеткен еді. Бұдан кейін Алматы полициясы жүкті әйелдің жол-көлік оқиғасынан қаза табуына себепкер адамның кім екенін анықтаған.