Алматы хайуанаттар бағының бұрынғы басшылары Амур жолбарыстарын заңсыз сатпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағын қолдау және дамыту орталығының басшысы Райымбек Баталов мәлімдеді.

"Алматы хайуанаттар бағының бұрынғы басшыларының бірі үш жолбарысты сату туралы заңсыз келісімшартқа қол қойып, келіссөз жүргізген. Келіссөз біз қоғамдық кеңесті құрып жатқанда болған. Заң бойынша мұндай келісім жасауға мүлде болмайды. Мен осы жерге сол кезде мәдениет басқармасының басшысы болған Қайрат Құлбаев бұйрығымен келгенмін. Біз бірге Ахмет Есімовке кіріп, болған жағдайды түсіндірдік. Бірақ ол кезде жолбарыстар Қырғызстанда болды", - деді ол.
Қызыл кітапқа енген Амур жолбарыстары Алматы хайуанаттар бағына қайтарылды. Баталовтың айтуынша, олардың жағдайлары мүшкіл болған. "Оларды әкелеген кезде жартылай тірі мысыққа ұқсас болды, оларға қарау мүмкін емес. Қазір олар үлкен жолбарысқа айналды ", - деді кәсіпкер.