БҚО Зеленовский ауданы Январцево ауылындағы православия зираттарын жаппай қорлаған 23 жастағы жергілікті тұрғын тұтқындалды, - деп хабарлайды "Мой город". Бұл туралы брифингте ШҚО ішкі істер департаменті ӘПБ төрағасы Мүслім Жәрдемов хабарлады. Оның айтуынша, күдіктіні 22 сәуірде кешкі уақытта Кирсановский қорығында ұстаған. Айта кетейік, оның қолынан 44 зиратқа зардап келді.

Тергеу деректері бойынша, зираттарды жаппай қорлаудың себебі оның ауыл тұрғындарының біреуімен жанжалдасып қалуында. Жанжалдан кейін жас жігіт мас күйде зираттарға барып, қабір үстіндегі құлпытастарды қиратып, крестерді сындырған. "Вандал 31 құлыптас пен 13 кресті сындырды. Орал қаласындағы аудандық ішкі істер бөлімі аталған деректерге байланысты "өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлердi қорлау " бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті осыған уақытша тергеу изоляторында отыр", - деді Жәрдемов. Оның айтуынша, күдікті осыған дейін "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жұмсап қою және тонау" дерегі бойынша екі рет сотталған. Қазір ол қылмыстың орны өтелді. Енді оған 3000 АЕК, яғни 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 3 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Еске сала кетейік, зираттарды қорлау 21 сәуірде болды. Оқиға православиялық қасиетті мереке күнінде болған.Қиратылған зираттардың ішінде ҰОС ардагерлерінің қабірлері де бар. "Зират басында кешкі сағат алтыға дейін көп адамдар болды. Кешкі сағат сегіз шамасында біз қабірлерді әлдекімнің қиратып кеткенін естідік", - деді ауыл тұрғындары.