23 сәуір 2015 | 18:04

Мемлекет басшысы халықты "үйде жата бермей, сайлауға келуге" шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде сайлауға келу не үшін маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде сайлауға келу не үшін маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлем бойынша бұл сайлауға деген қызығушылық өте зор. Әлемдегі 40 елдің өкілдері, 1200-ден астам бақылаушы, 200 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қазір Қазақстанда. Осынша үлкен қызығушылық бекер емес. Олар Қазақстан туралы, оның қандай жолмен келе жатқанын, осы халықтың ерекшеліктері туралы тағы да білгісі келеді, тағы да оқығысы келеді. Сондықтан, конституция алдындағы азаматтық парызы үшін барлық тұрғын сайлауға келуі керек", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде.

"Осындай кезде "бәрі келіп дауыс береді, менің бір дауысым не шешеді, үйден жата берейін" деу дұрыс емес. Дауыс беру арқылы адам конституциядағы ең маңызды құқығын іске асырады. Билік халық қалауымен құрылады. Сол себепті де сайлауға келу керек. Қазақстандықтар сайлаушылар сайлауға қаншалықты көп келсе, әлемде бізге деген құрмет соған сай болады. Біздің ынтымақтастығымыз бен тұрақтылығымыз да соншалықты дәлелденеді, бәріміздің алдымызда тұрған маңызды мәселелердің бірі сіздер таңдаған Президенттің де беделі үлкен болады", - деді Президент барлық қазақстандықтарды белсенді болуға шақыра отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.11   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети