23 сәуір 2015 | 18:44

Нұрсұлтан Назарбаев: Мәке Қазақстан Президенті болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті кім бола алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтіп жатыр.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті кім бола алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтіп жатыр.

Жиында Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне шығып, сөз сөйлеуге мүмкіндік берілді. Сахнаға Максим Споткай шығып, Ресейдің Омск қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттердің атынан бәріне сәлем жолдады. "Ресейдегі барлық ұлт өкілдері, соның ішінде қазақтар мен орыстар сізді сөзсіз Еуразиялық одақтың әкесі санайды", - деп сөз бастады Максим Споткай. Қазақ тілін еркін меңгерген ол қазір ресейлік жоғары оқу орнында білім алып жатыр.

Максим Омскідегі "Замандас" мәдени-ағарту газетінің редакторы екенін айтты. Ол және оның бірге оқитын қазақстандық достары "Мәке мен Жәке" деп аталатын жастар студиясын ашқан. Максим Мәке рөлінде өзінің сөз сөйлеп тұрғанын атап айтты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ тілінде "проблема" деген сөз жоқ, "мәселе", "қиындық" сөздері бар, ал "проблема" сөзі мүлде жоқ. Сондықтан да қазақстандық жастарда "проблема" жоқ, ал "мәселе" мен "қиындықты" біз сіздің қолдауыңызбен және барлығымыз бірігіп шеше аламыз. Омскідегі мен оқитын оқу орнының мыңдаған студенті сізге сәлем жолдап, 26 сәуірде сізге дауыс беру үшін сайлауға баратындарын айтты", - деді Максим Споткай сөзін аяқтай отырып.

"Өздеріңіз білетіндей, біздің Конституциямызда президенттік сайлауға қатысу үшін бірнеше шаттар бар: Қазақстанда бірнеше жыл тұру керек,  қазақ тілінде емтихан тапсыру керек. Бірақ ұлты бойынша ешқандай шектеу жоқ. Егер белгілі уақыттан кейін Мәке Қазақстан Президенті болу үшін өзінің кандидатурасын ұсынса, қазақ тілін осынша деңгейде білуімен, еш таңғалатыны жоқ ", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.11   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети