Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурызбай аудандық прокуроры Нұрсұлтан Рақышев өзінің ұжымымен бірге Наурызбай ауданында тұратын барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларын құттықтады. Ведомствоның хабарлауынша, прокуратура қызметкерлері ардагерлерді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстаған.
Ардагерлер өз тарапынан қжымға рахмет айтып, еліміздің өркендеуіне және құқық қорғауда беріктік пен сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңыда ардагерлерге пәтер кілттері табысталған болатын.