25 сәуір 2015 | 18:55

Непалда болған ірі жер сілкінісі салдарынан 680-нен астам адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Непалда болған ірі жер сілкінісінен 688 адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP елдің ІІМ өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Непалда болған ірі жер сілкінісінен 688 адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP елдің ІІМ өкілдерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

РИА Новостидің хабарлауынша, 25 сәуірде Непалда магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуі UTC уақыты бойынша 06.11-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Катмандудың солтүстік-батысынан 82 шақырым қашықтықта болған. Жер сілкінісі ошағы жер бетінен 15 шақырым тереңдікте орын алды. 

Жер асты дүмпуінің салдары басқа мемлекеттерде де сезілген. Бангладеште екі адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақаттанды. Елдің бірнеше қаласындағы үйлер мен әкімшілік ғимараттарының қабырғасында жарықтар пайда болды. Осыған дейін БАҚ өкілдері Бангладеште бірнеше миллион адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын хабарлады. 

Сонымен қатар, Непалдағы жер сілкінісі салдарынан Үндістанның солтүстігінде 20 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Жер асты дүмпуі Үндістанның астанасы Нью-Дели мен басқа да қалаларында сезілген.

Непалдағы жер сілкінісінен Эверестте қар көшкіні болып, альпинисттер лагерін басып қалды. Непал билігі сегіз адамның қаза тауып, 30 адамның зардап шеккенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.11   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети