Қайғылы оқиға өткен жұма күні Өскемен қаласындағы Eurasia сауда үйінде болды. YK-news.kz ресурсының мәліметінше, екі жасар бала үшінші қабаттағы сатыдан бірінші қабаттағы еденге құлап түскен.
Бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған куәгерлер оны әлеуметтік желілерде таратты. Олардың айтуынша, сауда үйіне келген әйел баласымен бірге сатымен үшінші қабатқа көтеріліп бара жатқан. Бала абайсызда тайып кетіп, төменге құлады.

Сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің өкілдері құлаған баланың шешесін айыптады. Олардың айтуынша, ол сатымен көтеріліп бара жатып, баласын қараусыз қалдырған. Басылым үшінші қабаттан құлап түскен баланың нейрохирургия бөлімшесінде жатқанын және дәрігерлердің оның жағдайын орта дәрежеде екенін айтқанын хабарлады. "Баланың миы шайқалған, жағдайы орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл абайсызда болған жағдай", - деді Ана мен бала орталығының бас дәрігері Рая Рахимова.