Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов дауыс беру учаскелерінің сайлауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов дауыс беру учаскелерінің сайлауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президент сайлауы - біздің елдегі маңызды саяси оқиға. Мемлекеттік тиісті сайлау органдары ұйымдастыру, техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны атқарды. Қажетті құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер, әдістеме мен түсіндіру көмекші құралдары өз уақытында дайындалды. Барлық сайлау комиссиялары сайлау өткізуге және берілген дауыстарды санауға толықтай дайын. ОСК мүшелері сәйкес дайындық пен оқудан өтті", - деді Мелдешев тілшілерге.
Ол сайлаудың 9741 учаскесінде Астана уақыты бойынша таңғы 7-ден басталып, кешкі 8-ге дейін жалғасатынын айтты. Бұл учаскелердің 65-і Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде ашылған.
Елдің батыс өңірлерінде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығы болғандықтан дауыс беру Астана уақыты бойынша 21.00-ге дейін жалғасады. Ал Вашингтонда, Нью-Йоркта, Оттавада сайлау учаскелері Астана уақытымен 27 сәуір күні таңғы 6-да жабылады.