26 сәуір 2015 | 15:21

Алматыда қираған көпірдің астынан жұмысшының денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©109saa.kz ©109saa.kz

Алматыда Рысқұлов даңғылының Ахременко көшесінің қиылысында қираған көпірдің астынан бір жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда Рысқұлов даңғылының Ахременко көшесінің қиылысында қираған көпірдің астынан бір жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1955 жылғы ер адамның денесі 25 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 17.15-те табылды. Жұмысшының мәйіті бетонның астынан 26 сәуірде түнгі 2.30-да алынды. Қаза тапқан азамат "Базис" компаниясының қызметкері болып шықты. Айта кетейік, "Базис" компаниясы нысандарды салумен айналысады. Департамент өкілдері қаза болған ер адам жайлы басқа мәлімет бермеді.  

Осыған дейін Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан 19 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр. ТЖД қызметкерлері астында жұмысшылар жатқан қирандыларды ашып жатыр. Бастапқыда қирандының астында екі адамның бары хабарланған еді. Кейін ТЖ департаментінің басшысының орынбасары 52 жұмысшының біреуінің ғана тағдыры белгісіз екенін хабарлады.

Кейін көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізіліп, оның онының ем қабылдап жатқаны хабарланды. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.11   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети