Шекарашылар Қазақстаннан Қытайға алтын сақина мен алқаны заңсыз алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұстады, - деп хабарлайды YK-news.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шекарашылар Қазақстаннан Қытайға алтын сақина мен алқаны заңсыз алып өтпек болған ҚР азаматшасы ұстады, - деп хабарлайды YK-news.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Үржар ауданында болған. "Бахты" өткізу орнының қызметкерлері Қытайға жаяу өтпек болған күдікті әйел адамды ұстады. 33 жастағы ҚР азаматшасында құжатсыз 400 грамға жуық алтын бұйымдар болған. Әйелдің айтуынша, ол әшекейлерді сыйлық ретінде алып бара жатқан.
Баспасөз қызметі Қазақстан азаматшасының қазір қамауға алынып, іс деректері Үржар аудандық прокуратураға жолданғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, осыған дейін шекарашылар Қазақстаннан Өзбекстанға алтыннан және гауһартастардан жасалған әшекей бұйымдары мен декларацияланбаған қомақты қаржыны алып өтпек болған екі адамды ұстағаны хабарланған болатын. Тәркіленген заттардың қатарында алтын және гауһартасты жүзіктер, сырғалар, білезіктер мен қолсағаттар бар. Сондай-ақ олардан 76 800 АҚШ доллары, 143 300 теңге, 1000 өзбек сомы да алынды.