27 сәуір 2015 | 15:35

Шымкентте жауын-шашын салдарынан 90 аула су астында қалды

viewings icon 204 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
@ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті @ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шымкенттегі өзендер жауын-шашын әсерінен деңгейі көтеріліп, салдарынан 90 үй су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 26 сәуірде болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі өзендер жауын-шашын әсерінен деңгейі көтеріліп, салдарынан 90 үй су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 26 сәуірде болды.

Қарасу және Қошқар-ата өзендері жауын-шашын салдарынан жағалаудан шығып кеткен. "3 туннель, 31 көше, 7 қиылыс пен 2 жертөле су астында қалды", - делінген баспасөз хабарламасында. Нөсердің шығынын анықтау үшін құтқарушылар бірнеше сағат жұмыс істеді. 190-ға жуық адам суды тартып, арнайы құм салынған 3350 қапты төсеуге көмектесті. "Самал-3" ықшамауданы мен Өтегенов, Арғынбеков, Жаңа-құрылыс көшелері қатты зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, жауын-шашыннан кейін бірнеше сағаттан соң өзен суы деңгейінен көтеріліп, үйлерді басып қалған. Тасқын өте күшті болды. Осының салдарынан қоршаулар құлады. Кейбір жер учаскелерінде суды сорып алу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Өтегенов көшесін судан тазарту үшін водолаздың көмегі керек болған. Олар өзен суы ағатын құбырларды тазалады.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде синоптиктер Қазақстан аумағында жаңбыр жауып, күннің салқындайтынын болжаған болатын. "Демалыс күндері және дүйсенбі күні жаңбырлы бұлтты ауа-райы сақталады. Оңтүстік облыстар арқылы суық фронт өз жолында жаңбыр, найзағай, желдің күшеюін тудыра отырып, жылжитын болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" кәсіпорны.

Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.07  course up  543.61  course up  5.22  course up

 

Ауа райы

2°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю