27 сәуір 2015 | 18:14

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 1-тоқсандағы көрсеткіштеріне сәйкес, орташа жалақы 118 638 теңгеге тең. Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 266,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 231,2 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде 208,9 мың теңге (1,8 есеге асты) белгіленді.

Ал, ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 58,0 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 51,1 пайызға төмен.

"Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 229,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік облысында мұның шамасы 77,6 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,6 пайызға төмен", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети