Продюсер Тимур Бекмәмбетовтің және режиссер Лео Габриадзенің Unfriended фильмі өз шығынын америкалық прокатта 25 еселеп қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Box Office Mojo ресурсына сілтеме жасап.

Unfriended фильміне бір миллион доллар жұмсалған еді. Ал оның маркетингіне кеткен қаражат айтылмайды. Картина продюсері Бекмәмбетов фильмнің зерттеу ретінде түсірілгенін және оған сенімнің болмағанын айтты.
Айта кетейік, режиссер Лео Габриадзенің ресейлік хорроры 17 сәуірде АҚШ экрандарынан көрсетіліп, 16 миллион АҚШ долларын тапты және кассалық жиындар бойынша үшінші орынға көтерілді. Box Office Mojo порталының хабарлауынша, бірінші орында Джеймс Ванның "Форсаж-7" фильмі тұр (29 миллион 56 мың доллар), екінші орында Энди Фикменнің "Толстяк против всех" фильмі тұр - 24 миллион доллар.
Картина оқиғасы компьютер экрандарында болатындықтан, фильмнің ұтымдылығы оның жанрына байланысты болып отыр. Картинада бір жыл бұрын қайтыс болған қыз өзінің сыныптастарымен Skype-те сөйлесетін болады. Қыздың өліміне фильм кейіпкерінің Интернетте күн көрсетпеуі себеп.