Алматыда қираған көпірдің бас құрылысшысы "Базис" құрылыс компаниясы қаза болған ер адамның отбасына материалдық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, Алматыда көпір 24 сәуірде құлаған болатын. Қирандының астында 1955 жылғы ер адамның денесі табылды.

"Базис" құрылыс компаниясы басшылық пен барлық құрылысшылардың атынан жұмысшы Тоқтасын Иманқұловтың қаза болуына байланысты көңіл айтады. Жерлеу рәсімі мен алдағы барлық шараларға жұмсалатын шығынды компания өтейді. Сонымен қатар, қаза тапқан адамның отбасына компания материалдық көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады компания өкілдері. Қазіргі уақытта төтенше оқиға орнында мамандар жұмыс жасап жатыр, олар көпірдің неден құлағанын анықтау үстінде.
Осыған дейін Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы салынып жатқан көпірдің қирауынан 19 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр. ТЖД қызметкерлері астында жұмысшылар жатқан қирандыларды ашып жатыр. Бастапқыда қирандының астында екі адамның бары хабарланған еді. Кейін ТЖ департаментінің басшысының орынбасары 52 жұмысшының біреуінің ғана тағдыры белгісіз екенін хабарлады.
Кейін көпірдің қирауынан ауруханаға 20 адам жеткізіліп, оның онының ем қабылдап жатқаны хабарланды. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр.