"Адем" сауда орталығындағы өрттен шығынға ұшыраған саудагерлерге тегін орындар беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Адем" сауда орталығындағы өрттен шығынға ұшыраған саудагерлерге тегін орындар беріледі

Өрттің салдарынан шығынға ұшыраған саудагерлерге тегін орындар беріледі, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Бұл туралы телеарна тілшілеріне "Адем" сауда орталығының директоры Ербол Тынбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, сауда орындарында шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге тегін орындар беріледі. "Өртенген "Адем" сауда үйін біз мейлінше қысқа мерзімде қайта салып бітіреміз. Одан кейін сол жерде жұмыс істеген кәсіпкерлерге өз орындары тегін беріледі. Мұны мен ресми түрде мәлімдеймін. Тіпті кепіл хат беруге де әзірмін", - деді Тынбаев.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Кейін сауда орталығында өрт қауіпсіздік ережесін бұзу дерегі анықталып, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесінің істен шыққаны расталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети