01 мамыр 2015 | 11:43

Батырхан Шүкеновтің туған күнінде Республика Сарайында концерт өткізу жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкенов. © Айжан Түгелбаева Батырхан Шүкенов. © Айжан Түгелбаева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің туған күні, 18 мамырда Республика Сарайында концерт өткізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі кезінде мәлімдеді.


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің туған күні, 18 мамырда Республика Сарайында концерт өткізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі кезінде мәлімдеді.

"Мен Батырханды жақын таныдым, оның өнерін, музыкант, ақын әрі композитор ретінде талантын жоғары бағаладым. Соңғы жылдары біздің арамызда ерекше жылы қарым-қатынас орнады. Бүгін біз онымен бұрын "Қазақконцерт" аталған, ол шығармашылық жолын бастаған мемлекеттік филармонияның қабырғасында қоштасып жатырмыз. Қазір көптеген ұсыныс келіп түсіп жатыр, оның барлығы қаралатын болады. Өз тарапымнан, 18 мамыр - оның туған күнінде Республика Сарайында оның шығармашылығына арналған концерт, еске алу кешін өткізу дұрыс болады деп ойламын. Батырхан Шүкенов қазақстандықтардың есінде мәңгі сақталады деп ойламын", - деді Есімов.

Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында, 29 сәуірде жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы кездері денсаулығының мәз емесін айтып жүрген. Батырхан Шүкеновтің "Один в один" шоуының дайындығынан кейін үйіне барып, сол жерде өзін нашар сезінгені белгілі болды. Музыкант өзіне жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Шүкеновтің өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт күресіпті, ол бірнеше рет есін жиғанымен оны құтқару мүмкін болмаған.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2014 жылы "Живой звук" шоуының жеңімпазы атанды, ал 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып, көшбасшылар қатарынан көрініп жүрген болатын. 17 мамырда Батырхан Шүкеновтің қатысуымен бағдарламаның кезекті көрсетілімі эфирге шығуы тиіс еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети