02 мамыр 2015 | 19:29

Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасынан екі әйел мен кішкентай бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz архивынан Tengrinews.kz архивынан

Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды, оның ішінде бір жарым жастағы бала да бар,- деп хабарлайды Lada.kz. Ірі жол апаты 29 сәуірде күндізгі уақытта болды.


Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды, оның ішінде бір жарым жастағы бала да бар,- деп хабарлайды Lada.kz. Ірі жол апаты 29 сәуірде күндізгі уақытта болды.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен автомобиль жолында Toyota Land Cruiser мен Hyundai Accent автокөліктері соқтығысқан. 20 жастағы джип жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 26 жастағы жүргізуші басқарып бара жатқан Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысты. Маңғыстау облысындағы жол-көлік оқиғасынан 40 және 45 жастағы екі әйел мен бір жарым жасар қыз қайтыс болды. Hyundai автомобильінің жүргізушісі бас сүйек-ми зақымы мен аяқ сүйегінің сынуынан облыстық ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Hyundai автомобильінде болған тағы екі әйел жарақаттанды. 55 жастағы әйел адам ауыр зақым алып, аурухананың жан сақтау бөліміне, 33 жастағы екінші әйел іш құрылысының және бас сүйек-ми зақымынан ауруханаға жеткізілді. Көліктердің бірінде болған екі жасар баланың да бас сүйек-миы зақымданды. Оның нақты қай көлікте болғаны айтылмады. Өз кезегінде, Маңғыстау облысындағы жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізуші азғантай ғана жарақат алды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети