05 мамыр 2015 | 17:29

Астанада 48 жастағы әйел өз күйеуінің басын кесіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mvdlnr.ru ©mvdlnr.ru

Астана тұрғыны өз күйеуінен асқан қатыгездікпен құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордадағы "Алматы" аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.


Астана тұрғыны өз күйеуінен асқан қатыгездікпен құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордадағы "Алматы" аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство ер адамның өлімі туралы қылмыстық істі бақылауға алды. Кейін наурыз айында әйелдің өз күйеуінің үйден шығып кетіп, оралмағанын айтып шағымданғаны белгілі болды. 

Тәртіп сақшылары жоғалып кетті делінген ер адамның 48 жастағы әйелін өз күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алды. Тергеу кезінде ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, төбелес болғаны анықталды. "Алматы" аудандық прокуратурасының мәліметінше, әйел төбелес кезінде күйеуін тұншықтырып өлтіріп, келесі күні оның денесінен құтылмақ болады.

"Әйел пәтерден мәйітті алып шығудың қиын екенін түсінген, үйдің кіреберісінде күндіз-түні түсіретін видеобақылау болған, айыпталушы мәйітті бөлшектеп, жол сөмкесіне салуды ұйғарады. Ол ас үй балтасымен мәйіттің басын кесіп алып, бұдан кейін оның кім екенін анықтау қиын болу үшін қайнатқан. Одан соң әйел дене бөлшектерін сөмкеге салып, Астрахан тасжолындағы молаға апарып, күйеуінің шешесін жерленген тұсқа көмді", - деді "Алматы" аудандық прокуратураның тергеу бөлімінің басшысы Арсен Бегалин. Оның айтуынша, қылмысты жылдам ашу үшін қылмыстық іздестіру органына кісі өлтірудің негізгі болжамын жасап шығару тапсырылды. 

Сонымен қатар, баспасөз хабарламасында күдікті әйелдің өз күйеуін өлтіргенін мойындап, кейін өзінің берген жауабынан бас тартқаны жазылған. Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты судьясының қаулысына сәйкес, 48 жастағы әйел қамауға алынды. Оған қатысты психологиялық-психиатрлық сараптама белгіленген, бұдан кейін іс сотқа жіберіледі.

Еске салайық, өткен жылдың тамыз айында Астанада дәл осындай жолмен өздерінің 18 жастағы құрбысын өлтірген үш бойжеткен сотталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети