05 мамыр 2015 | 16:11

Қазақстандық азаматша Непалдағы жер сілкінісі кезінде қалай аман қалғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Nv.kz @Nv.kz

Қарағанды облысының тұрғыны Ольга Тропынина Непалдағы жер сілкінісі кезінде қалай аман қалғаны жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды "Новый вестник". Еске сала кетейік, Непалдағы жер сілкінісінен жеті мың адам қаза тапты.


Қарағанды облысының тұрғыны Ольга Тропынина Непалдағы жер сілкінісі кезінде қалай аман қалғаны жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды "Новый вестник". Еске сала кетейік, Непалдағы жер сілкінісінен жеті мың адам қаза тапты.

Қазақстандық әйелдің айтуынша, ол Катмандуға соңғы бірнеше жыл бойы әлемді бірге аралап жүрген швед досы Мангус Хэдстроммен бірге барған. Жер асты дүмпуі кезінде ол қаланың ең көп қираған бөлігінде болыпты. Тропынина мен Хэдстром 26 сәуірде тауға шығуды жоспарлаған. Ал Непалдағы жер сілкінісі 25 сәуірде басталып, нәтижесінде тауда қар көшкіні болды.

Алғашқы жер дүмпуі басталған кезде әйел қаланың көне аудандарының бірінде болған. "Мен алғашында не болып жатқанын түсінбедім. 20-30 секунд бойы мен шайқалып тұрдым. Айналамдағы үйлер де қозғала бастады. Мен мұндайды бұрын-соңды көрмеппін. Электр токтары құлап кетпеуін бақылап тұрдым. Себебі миллиондаған сым шатасып жатты. Непалдықтар дұға тіледі. Мен алғашында фотоаппаратымды алып жан-жағымдағы құбылысты суретке түсіре бастадым. Кейін барып жағдайдың қиын екенін түсіндім", - деді Тропынина.

Оның айтуынша, ол басында аудан көшелерінің тар болуынан қайда қашарын білмеген. Оған кенеттен қытайлық азамат жүгіріп келіп, ол жерде қалуға болмайтынын айтқан. "Қарап қалсам, қытайлық және фразцуздық азаматтар менімен бірге жүгіріп келе жатыр екен. Қытайлықтың шлемі болды. Ол маған: "Саған міндетті түрде шлем керек, бір жерлерден байқап қалсаң міндетті түрде ал", -деді. Осылай біз бірге жолдың ортасына дейін жүгіріп келдік. Ол құлайын деп тұрған ғимараттың қасынан мотоциклді байқап қалып, маған шлем әкеліп берді", - деді қазақстандық саяхатшы.

Олар қаладағы үлкен алаңға дейін бірге жүгіріп келген. Жер сілкінісі кезінде тар көшелермен жүгіріп келе жатқан Тропынина апаттың қаншалықты үлкен екенін аңғармапты. Кейінірек ол қаладағы бірнеше ғимаратың құлап, мыңдаған адамының қаза тапқанын естиді. Ол өзінің швед досын кейін кездестірген. Олар бірнеше күн бойы шатырда жатқан. Кейін ресейлік ұшақ келіп, жер сілкінісінен аман қалған шетелдіктерді эвакуациялайтынын естіген.

Тропынинаның айтуынша, ресейлік борт Хэдстромды визасыз алып кетуге қарсы болыпты. Сондықтан ол да кетпейтінін айтып, Катмандуда тағы бірнеше күн өткізген. "Орталықта халық азая бастады. Сонда да олар бізді тамақтандырды. Қолдарынан келгенін жасады. Оларға алғыс хатын жіберу керек. Дима атты саяхатшы барлығына тамақ дайындап жүрді. Күн сайын біз тамаққа ақша жинап отырдық, Дима достарымен бірге қаладағы азық-түлік сатып алуға болатын жерлерді аралап келетін", - деді ол.

Қаазқстандық азаматша мен оның досы эвакуацияны күтпей, өз еріктерімен кетуге бел буады. Жергілікті кинотеатрлардың бірінде сигнал пайда болып, олар Интернет арқылы билетке тапсырыс беріп, Түркияға ұшып келеді. Айта кетейік, олар Непалдағы жер сілкіісінен қорықпаған және тауға қайта баруды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети