Астана Дубайдан тәжірибе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Астана Дубайдан тәжірибе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
"Қазіргі уақытта Астанада жаңа қаржы орталығын құруға жаңа мүмкіндіктер пайда болып жатыр. Үлкен қызығушылық бар. Біз ірі EXPO-2017 көрмесін салып жатырмыз. Аяқталғаннан кейін барлық осы ғимараттар лайық болады. Бұл орталықтың өзіндік заңнамасы ағылшын тілінде құрылады және қолданылады. Дубайдың тәжірибесінде инвестициялық резиденция ұстанымын енгізу керек, ал клиенттердің қарым-қатынасын нормативтік-құқықтық, келісімшарт бойынша реттелуге өтуі керек. Мен Дубай шейхімен жеке сөйлестім, біз олардың тәжірибесін аламыз, велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Солардың көмегімен құра бастаймыз - оның өз заңнамасы болады", - деді Назарбаев.
Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды. Кейін Мемлекет басшысы премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовты ұсынды. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.