Ақтөбе полицейлері фашистер белгісін салған адамды тапты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, фашистердің белгісі көпір қоршауына салынған болатын.
Ақтөбе полицейлері фашистер белгісін салған адамды тапты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, фашистердің белгісі көпір қоршауына салынған болатын.
Ақтөбе полицейлері қазіргі уақытта 18 жастағы жігіттен жауап алып жатыр. Күдікті Ақтөбе техникалық колледжінің студенті болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады, дегенмен мұндай іске не үшін барғанын түсіндіре алмады. Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ардагер Уайдынның айтуынша, ол суретті салу барысында әрекетінің қаншалықты қиындық әкелетінін білмеген. Полицейлер тәртіп бұзушыға қатысты қандай жаза қолданылатынын әлі шешпеді. Ал көпірге салынған суретті жергілікті билік өкілдері өшіріп тастаған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде көпір қоршауында фашистік свастика пайда болғаны хабарланған болатын. Автор белгінің жанына жоғары көтеріліп тұрған қолдың суретін салыпты. Бұған қарама-қарсы үйлерде еңбек майдангерлері тұрады және олар Ұлы Жеңісті тойлау қарсаңында салынған суретті өздерін қорлау деп санайды. Ақтөбеліктер вандалдарды тауып, жазалауды талап етіп отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сурет сәуір айының соңында пайда болған.