Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құзіретті тәсіл негізінде полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жетілдіру, кандидаттардың жеке қасиеттері мен кәсіби шеберліктерін тексеруші арнайы тестілеу жүйесін меңгеру мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.
Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдарға есеп беруші жергілікті полиция құру қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. (...)
"Жергілікті бірлестікке есеп беруші жергілікті полиция қызметін құру. Ол қоғамдық тәртіпке жауап беріп, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұратын болады. Біз бұл туралы көп айтсақ та, бұған жақындай алмадық. Барлығын орталықта ұстап, ешкім жібергісі келмейді, олар осы сұраққа қатысты жергілікті билік органдарына жүгінсін. Тап осы қызмет қоғаммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұсақ құқық бұзушылықтарда нөлдік төзімділік режимімен қамтамыз етуі тиіс", - деді Президент отырыста.