6 мамырда сағат 03.51-де Алматыдан шығысқа қарай 200 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Алматы облысының аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Кеген ауылынан шығысқа қарай 22 шақырымда, Шонжы қала типті ауылынан оңтүстікке қарай 53 шақырым қашықтықта, Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 63 шақырымда және Шелек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 118 шақырым қашықтықта болды.
"Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік Мекемесінің мәліметі бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,4.
Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.