06 мамыр 2015 | 10:58

Қазақстанда жыл соңына дейін жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша 4 мыңнан аса пәтер беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 4 600 пәтер беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.


Қазақстанда "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 4 600 пәтер беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.

Оның мәліметінше, 2015 жылдың 6 мамырындағы жағдай бойынша, жалға берілетін пәтерлерді тұрғызу мен тапсыруға қатысты жалпы аумағы 306 мың шаршы метр 5 416 пәтерге қосымша келісімшарт жасалды. "Екі ұйым желісі бойынша, яғни "Қазақстан ипотекалық компаниясы" мен "Бәйтерек девелопмент" АҚ-тың келісіліп отырған бұл көлемі аясында жалпы аумағы 262 мың шаршы метр 4 600 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр, ол - Астана, Семей, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларында", - деді Қуандық Бішімбаев брифинг барысында пәтерлердің әрленген күйде тапсырылатынын айтып.

Оның айтуынша, шамамен 820 пәтер 2016 жылы беріледі. Жыл соңына дейін тұрғын үй түсіміне қарай Ақтөбе, Павлодар, Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына қосымша пәтер тарату жоспарланып отыр. Брифинг барысында белгілі болғандай, жаңа пәтерлердің жартысы жастары 35-ке толмаған жас отбасыларға беріледі.

2015 жылы бірінші тоқсанның аяғына дейін "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ желісі бойынша кезекте тұрғандарға пәтер беру жоспарланып отыр: Ақтөбе - 77 пәтер, Павлодар - 35, Алматы - 50, Астана - 52 және Алматы облысы - 55 пәтер.

"Бәйтерек" холдингі басшысының мәліметінші, пәтер алғандардың арасында: бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, толық емес отбасылар, әскери қызметкерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасылар, жетімдер мен оралмандар бар.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында "Бәйтерек" холдингі мен "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ (ҚИК) Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай мен Семей қалаларында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Пәтерлерге жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 86 адам қол жеткізді. Алматыда 803 пәтер берілді. Қостанайда - 11, Көкшетауда - 337, ал Семейде - 60 пәтер тапсырылды.

Бұған дейін 2015 жылдың аяғына дейін "Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес құрылымы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" және "Бәйтерек девелопмент" АҚ-тың 9 740 пәтерді немесе 490 мың шаршы метрді салып, тапсыруды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасын жүзеге асыратын 5 жылдың ішінде 29 мың пәтерді тапсыру жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети